Соғысаралық кезеңдегі Үнді Азаматтық қызметі британдық офицерлерінің ұжымдық өзін-өзі идентификациялауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.08Аннотация
Мақала контент-талдау мен салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана отырып, колониялық Үнді азаматтық қызметі офицерлерінің ұжымдық өзін-өзі идентификациялауына арналған. Бұл мақаланың мақсаты – Үнді азаматтық қызметі офицерлерінің (ICS) ұжымдық өзін-өзі идентификациялауы, олардың идеологиясын, күнделікті өмірін және өздерін және басқаларды қалай көретінін қарастыру. Үндістанда британдық билеу кезінде халық пен билеушілер арасын байланыстырушы звено, жергілікті жердегі биліктің символы қызметі Үндістанның азаматтық қызметінің (ICS) офицерлеріне жүктелді. Британдық мінез-құлықтың ерекшеліктері, олардың өзін-өзі идентификациялау сезімдері мәселелері қарастырылады. Офицерлер күрделі іріктеуден (20 жастан 24 жасқа дейін), ашық емтиханнан (Ұлыбританияда екі жыл дайындықтан өту) өткізілді, қызметке тек жақсылардың жақсысы қабылданды, бұл өз кезегінде офицерлердің ұжымдық өзін-өзі идентификациялауына, олардың өзін элита ішіндегі элита ретінде тануына және жергілікті халыққа қатынасына айқын әсер етті. Түйін сөздер: Британ империясы, дистрикт-округтер, басқару, Үндістанның азаматтық қызметі офицерлері, өзін-өзі идентификациялау.