Электронды кітапхана терминологиясы мен тарихы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.20Аннотация
Ұсынылып отырған жұмыста электронды кітапхананың тарихы, заманауи жағдайы мен даму қарқыны қаралып, оның артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасалды. Электронды кітапхананы классификациялау жасалды. Электронды кітапхананың түрлерінің ерекшеліктері қаралды. Әсіресе, шетелдік және отандық кітапханаларға үлкен мән берілді. Ең алғаш электронды кітапхананың даму тарихы мен даму үрдісіне шолу жасалды. ХХ ғасырды электронды кітапханаға жүргізілген зерттеулер талданды. Сандық кітапхана мен дәстүрлі кітапханаға салыстырмалық жұмыс жасалып, кітапхананың екі түрінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жұмысы жасалды. Электронды кітапханаға заманауи білімге жылдам әрі тиімді қолжетіміділік ұсынатын заманауи құрал ретінде қарастырылды. Ұсынылып отырған жұмыста оқырмандарға ашық сандық кітапханалардың ұлттық және халықаралық жобасын ұсыну мүмкіндіктері қарастырылды. Қазіргі таңдағы Интернет желісінде дәстүрлі кітапхананың негізгі бағыттары көрсетілді.
Бұл жұмыста «электрондық кітапхана» терминінің қазіргі мазмұнын ашатын терминологиялық
жүйеге талдау жасалған. Дәстүрлі және электронды ақпараттық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру ретінде электронды кітапхананың маңыздылығы айқындалды. Жұмыста дәстүрлі кітапханаларды электронды түрге көшіру үшін теориялық алғышарттар жасайтын маңызды отандық және шетелдік ақпарат көздерінің негізгі мазмұны қамтылған. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы негізінен электронды кітапханалар арқылы ақпараттық қызмет пен библиографиялық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады және электронды кітапханада одан әрі ауқымды зерттеулер жүргізуге жаңа жол ашады.
Түйін сөздер: электронды кітапхана, сандық кітапхана, ғылыми электронды кітапхана, халықаралық жоба, дәстүрлі ктіапхана.