Қазақ халқының тіршілікқамы жүйесіндегі аңшылықтың рөлі (ХІХ–ХХ ғ. басы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.09
        274 189

Аннотация

Адамзат тіршілікқамы үшін қоршаған орта ресурстарын пайдаланады. Климаттық жағдайға бейімделе отырып, өзіндік шаруашылық түрлері мен соған тән мәдениет қалыптастырады. Қазақ халқы негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығымен қатар, ежелден айналысқан аңшылық кәсіпті де тіршілікқамы жүйесінде орнықтырды. Табиғатпен етене өмір сүріп, құс салып, тазы жүгіртіп экожүйені тиімді пайдаланды. Мақалада ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамы жүйесіндегі аңшылықтың ролі қарастырылып, материалдық (тағам, киім-кешек, оюөрнек, ыдыс-аяқ) және рухани мәдениетте (халықтық білім, медицина, ауыз әдебиеті) орын алуы айқындалған. Архив құжаттары, мерзімді басылымдар, орыс зерттеушілерінің еңбектері және далалық экспедиция материалдары деректік негізін құрап, методологиялық тұрғыдан шетелдік және отандық ғалымдардың теориялары мен концепциялары негізделген. Қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамы жүйесіндегі аңшылықтың қосалқы шаруашылықты құрау себептері айқындалып, патшалық Ресейдің жүргізген саясатының қазақ халқының тіршілікқамы жүйесіне және аңшылыққа әсері талданған. Қазақ қоғамындағы аңшылықтың өзіндік ерекшеліктермен дами келе, дәстүрлілігін жоғалта бастауы, жерін тартып алу барысында кедейленген халықтың дәстүрлі аңшылықтың мәнін жабайы аңшылыққа және саудаға айналдыруы, оның трансформацияға ұшырауы сипатталған. Қарастырған кезеңде аңшылық өнімдері халықтың тіршілікқамы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде тұрмыс қажеттілігін өтеп отыруы айқындалған. Түйін сөздер: тіршілікқамы жүйесі, аңшылық, қоршаған орта, қазақ қоғамы, көшпелі шаруашылық, өнім, материалдық және рухани мәдениет.

Жүктелулер

Как цитировать

Ишкалова, Г. И., & Қалыш, А. Б. (2022). Қазақ халқының тіршілікқамы жүйесіндегі аңшылықтың рөлі (ХІХ–ХХ ғ. басы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 104(№1), 80–88. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.09

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая