Жылқышарушылығының шығу тегі және оның тарихтағы орны (Сарыарқа материалдары бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.08Аннотация
Бұл мақалада жылқыны қолға үйрету мәселесіне қатысты бірнеше сұрақтар қарастырылады және жылқы шаруашылығының алғашқы ошақтарының пайда болуына қатысты бірталай тұжырымдар жасалған. Ұлы дала аймағының бірталай ескерткіштер кешенін зерттеу барысында археология ғылымында Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Еділ бойы және Қазақстанның далалық өңірлерінде жылқыны қолға үйретудің ортақ жүзеге асқаны, мүмкін тіпті бір уақытта болғандығы туралы пікірлер көп айтылды. Авторлардың пікірі бойынша жылқыны қолға үйрету жабайы жануарлардың, соның ішінде жылқылардың меридиандық миграция жолдарында іске асты. Көне заманда бұл маршруттардың ішіндегі ең таңдамалысы Сарыарқа даласы арқылы өтетін Сарысу өзенін бойлаған бағыт болды. Бұл жолдың көнелігі осы маршрут бойындағы басты торап қызмет атқарған станцияларға қатысты мифологиялық сюжеттердің көп болуымен де расталады. Авторлардың жобалауы бойынша Еуразия далалық әлемінің координаттар жүйесінің эпицентрі саяси және культтік орталық және ата-жұрт қызметтерін қатар атқарған Сарыарқада орналасқан. Орталық Қазақстанның алапат далалық аймағында көшпелілер тарихындағы ең күрделі үдерістер пайда болып, олардың жаңа аттаныстарына себеп болатын әлемдік үйлесімнің бұзылуы нақты сезілетін. Түйін сөздер: Сарыарқа, Ұлы дала, жылқыны қолға үйрету, жылқы, меридиандық маршрут, жылқы шаруашылығы, далалық пассионарилер.