Кеңес дәуірі кезеңіндегі Өзбекстандағы қазақ диаспорасының қалыптасуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.07
        171 132

Аннотация

Мақала Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың Кеңес дәуірінің 20-50 жылдарына дейінгі диаспора ретінде қалыптасуының тарихи кезеңдеріне арналған. Мақсатымыз Кеңес дәуірінің бастапқы кезеңіндегі Орта Азия республикаларының этникалық –территориалдық шекарасын межелеумен, 1942-1947 жж. жерді жалға берумен байланысты өзінің тарихи Отанынан ажыраған қазақтардың диаспораға айналуындағы себептерін көрсету. Мақалада осы мәселелерге қатысты зерттеулер мен деректерге шолу жасайды. Сондай ақ, Кеңес өкіметінің 1924-1928 жж. аралығындағы Орта Азия республикаларының этникалық – территориалдық шекарасын межелеуіне байланысты Ташкент уезінің кейбір болыстықтарына қатысты даулар, межелеу барысында жергілікті халықтардың мүддесінің ескерілмеуі, онан кейінгі кезеңдегі Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жерге қатысты келісімдер нәтижесінде қазақ халқының бір бөлігінің диаспораға айналуы мәселелері сөз болады. Автор мақалада көрсетілген саяси оқиғаларды Өзбекстан архивінен алынған көптеген архив және статистикалық деректермен негіздеген. Өзбекстандағы қазақ диаспорасының кеңес дәуірі кезеңіндегі қалыптасуындағы саяси оқиғалармен байланысты негізгі кезеңдері көрсетілді. Мақаланы қазақ диаспорасына қатысты оқулықтармен, арнайы элективті курстарда пайдалануға болады. Түйін сөздер: Қазақ диаспорасы, Өзбекстан, Орта Азия, этникалық-территориалдық межелеу, Ташкент уезі.

Жүктелулер

Как цитировать

Kalshabayeva, B. K. (2022). Кеңес дәуірі кезеңіндегі Өзбекстандағы қазақ диаспорасының қалыптасуы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 104(№1), 60–70. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.07

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая