Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.06Аннотация
Мақалада кеңестік Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары тарихнамалық деректерді талдау бойынша қарастырылады. Отан тарихын дәуірлеу мәселесінің теориялық және методологиялық негіздеріне қатысты тарихшы ғалымдардың пікірлері талданады. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының атауына байланысты автордың көзқарасы көрсетіледі. Кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі ғалымдардың Қазақстан тарихын дәуірлеуі бойынша тұжырымдары ашып көрсетіледі. М.Қ. Қозыбаевтың, Т. Омарбековтың кеңестік Қазақстан тарихын дәуірлер мен кезеңдерге бөлуі туралы айтылады. Х. Әбжановтың, З. Қинаятұлының, Ж. Артықбаевтың кезеңдеу үлгілеріне шолу жасалады. Тарихшылардың жекелеген мәселелерді зерттеуде кезеңдер мен сатыларға бөлгендері жөнінде баяндалады. Кезеңдеу мәселесін зерттеуге қажетті қағидалар, әдістер және критерийлер талданады. Осылардың негізінде кеңестік Қазақстан тарихының мақала авторы ұсынған кезеңдер мен сатылар көрсетіліп, сипатталады. Тоталитарлық жүйе кезіндегі кеңестік Қазақстан тарихын зерттеу бағыты және ғылымда қалыптасқан ахуал баяндалады. Маркстік-лениндік методологияны, таптық бағытты ұстанудың зардаптары айқындалады. Қоғамдағы «жылымық» және тоқырау кезеңіндегі талаптар, қайта құру жылдарындағы ғылымдағы жағдай көрсетіледі. Посткеңестік кезеңдегі тарихты қайта қарау, жаңа тарихи таным қалыптастыру бағытындағы методологиялық ұстанымдар қарастырылады. Кеңестік Қазақстан тарихын зерттеудің тұжырымдамалары мен бағыттар және оларды қолданудың ұтымдылығы туралы айтылады. Түйін сөздер: кеңестік Қазақстан тарихы, ғылым, методология, дәуірлеу, ұстаным, кезең, саты, қағида, зерттеу, бағыт.