XVIII ғ.аяғы – XX ғ. басындағы ағаш ою өнерінің ортақ сипаттар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.13
        202 124

Аннотация

Мақалада Қазақ халқының дәстүрлі ағаш ою өнері халқымыздың заттық және рухани мәдениеті қарастырылады. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді халық арасында «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп атаған. Сонымен қатар ағаш шеберлер үй бұйымдарын, шаруашылық құрал – саймандар жасай білген. Ағаш шеберлер бұйымды ұқсату барысында – жазықрельефті, геометриялық, екі, үш жақты қырлап оймыштау әдістерін қолданған. Зерттеу барысында XVIII ғ. аяғы – XX ғ. басындағы ағаш ою өнерінің ортақ белгілерін басымдық беріп, Қазақстандағы музейлердегі зерттеуші-суретші ретінде қарастырып, осы күнге дейінгі сақталған ағаш бұйымдардың ұқсатылған, оймышталған, ою-өрнектердің орналасуы сараланады. Олардың шығармашылық мұралары – тұрғын үйлер, тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ, шарушылыққа қатысты бұйымдар да көрініс тапқан. Арнайы зерттеу нысаны болып табылатын жәдігерлер ғылыми ізденістің негізі болып табылады. Зерттеу нысандары болып музей, кейбір тұрғындардың қолында бар бұйымдардың оймыштау әдістері мен тәсілдері, қолданыста болған шеберлердің құрал-жабдықтарын қарастырылады. Ағаш оймыштау өнерін зерттеу тарихын талдау және олардың зерттелу дәрежесін бағалау, түсіну, ескі жәдігерлерді қалпына келтіру, әрі зерттеудің негізгі мәселелері мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақалада ағаш оймыштау өнері тұтас, қазақтың дәстүрлі мәдениеті ауқымды, оның дамуының басты салалары шаруашылық – тұрмыстық бұйымдарды өрнектеу, ұқсату, оймыштау тұрғысыған қаралады. Түйін сөздер: тұрғын үй, орыс үлгідегі баспана, үй жиһаздары, ағаш, өрнектеу, оймыштау, қазақ, қолөнер бұйымдары, рельефті оймыш, көшкебеже

Жүктелулер

Как цитировать

Bekeshov, S. S. (2022). XVIII ғ.аяғы – XX ғ. басындағы ағаш ою өнерінің ортақ сипаттар. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 104(№1), 119–124. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.13

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая