Му‘ин ад-Дин Натанзи шығармасының екі редакциясының пайда болу тарихы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.09Аннотация
Мақала «Мунтахаб ал-тавāрӣх-и Му‘ӣнӣ» шығармасының екі редакциясының пайда болу себептік жағдайларын зерттеуге арналған. Зерттеушілерге «Искандер анонимі» атауымен белгілі шығарманың бірінші редакциясын сарай тарихнамашысы Му‘ин ад-Дин Натанзи 816/1413 жылы Ширазда жазған, екінші редакциясын автор 22 Раджаб 817/7 қазан 1414 ж. Гератта аяқтаған. Шағармада Жошы және Шағатай ұлыстары тарихы, Тимуридтер тарихының ерте кезеңі, Шыңғысхан ұрпақтары және Тимуридтер тұсындағы Оңтүстік Иранның жергілікті әулеттерінің тарихыбойынша түпнұсқалық материалдар берілген.
«Искандер анонимі» және «Мунтахаб ал-тавāрӣх-и Му‘ӣнӣ» мазмұндарын салыстырмалы– сыни талдау негізінде Тимуридтер мемлекетіндегі саяси жағдайдың тарихи еңбектер мазмұнының идеялық бағытына қалай әсер еткендігін байқауға болады.«Мунтахаб ал-тавāрӣх-и Му‘ӣнӣ» шығармасының екі редакциясының мазмұндарын салыстырмалы талдау нәтижесінде шығарманың әрбір нұсқасында материалды баяндауда айрықшалықтардың барлығы анықталды. Му‘ин ад-Дин Натанзи еңбектің бірінші редакциясында ‘Умар-Шайх б. Искандардің мемлекетті басқаруға қатысты діни және саяси құқықтарын баяндаған. Шығармада Искандар
«махдӣ» діни атағымен аталады. «Ескендір анонимі»редакциясында нәтижесінде мұрагерлік туралы келісім жасалған Әмір Темір мен ‘Умар-Шайх б. Искандардің жеке кездесуі туралы баяндау берілген. Алайда, шығарманың екінші редакциясында Тимуридтер мемлекетіндегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Искандардың таққа мұрагерлік құқығыавтор тарапынан қайта қарастырылған.
Түйін сөздер: ‘Умар-Шайх б. Искандар, Му‘ин ад-Дин Натанзи, Мунтахаб ал-тавāрӣх-и Му‘ӣнӣ, Искандар анонимі, тимуридтік тарихнама.
Введение