Оралдағы 1991 жылғы « Қыркүйек оқиғасы» туралы не білеміз?
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.08Аннотация
Биылғы жылы ел тәуелсіздігінің отыз жылдық белесі тұрғанына айрықша назар аударылуда. Елдің болашақ тағдыры мен тәуелсіздік ұғымдары бір-бірінен алшақ кетпейді. Тарих үшін отыз жылдық мерзім қас-қағымдай ғана уақыт.
1991 жылдан тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихи беттері басталады. Бұл кезеңді саралай отырып, оның соқпақты жолдарын бүгінгі ұрпаққа ұғындыру, іркілістер мен ізденістерді, жасалған істерді ой елегінен өткізу қажеттілігі туындайды. Уақыт мерзімі жағынан тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен қатарлас, тарихи алатын орны жағынан маңызды, бірақ көп жағдайда ескерусіз қалатын Оралдағы «қыркүйек» оқиғасы жөніндегі жағдайды оқырман қауымға ұсынғалы отырмыз. Бұл тек біздің облысқа тиесілі, республика тарихына не қатысы бар деген пікірлер де болуы мүмкін. Баса айтатын жағдай – біртұтас қазақ тарихының өзі аймақтық тарихтан басталады. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның басынан өткерген алғашқы сындарының бірі еді. Бұл оқиға территориялық біртұтастығымызға бағытталған сын болатын.
Облыс жұртшылығының басым көпшілігі сол кезде болған жағдайға өз бағасын берді. Оған ел Президенті Н.Назарбаев та әділ бағасын берді.
Болашақ ұрпағымыз Қазақстандағы барлық халықпен, сондай-ақ өзінің көршісі Ресеймен келісіммен бейбітшілікте өмір сүруі тиіс.
Түйін сөздер: Тәуелсіздік, Оралдағы қыркүйек уақиғасы, «казактар мерекесі», М.И. Есеналиев және азаттықтар, «Казактар қоғамы» және «Қайта өрлеу комитеті», митингі, үгіт-насихат жұмысы, қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялау.