Болгар мемлекетінің Құрым Хан және Омуртаг Хан кезіндегі Византия және Франк елдерімен қарым-қатынасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.03
        85 69

Аннотация

Мақаланың тақырыбы Дунай Болгар мемлекетінің екі маңызды билеушілері болған Құрым хан және оның ұлы Омуртаг хан тұсындағы болгар түріктерінің Византия және франк елдерімен қарым- қатынастарына арналған. Құрым хан, таққа отырғаннан кейін франктармен аварлар арасындағы соғыс нәтижесін өз пайдасына жаратып 805 жылы авар мемлекетінен қалған соңғы жерлерді өзіне қосып алды. Осының арқасында Византиямен және франктар мемлекетімен шекаралас елге айналды. Мемлекет құрамындағы славян және түркі тектес халықтардың қиындықсыз бірлесе өмір сүруі мақсатында заңдар қабылданған болатын. Византиямен қарым-қатынасын сәтті жүргізген ол тіпті I Никифор Геникті мерт қылып Константинополь түбіне дейін жеткен еді. Құрым хан өлімінен кейін қысқа уақыт сүрген талас нәтижесінде ұлы Омуртаг хан таққа отырған болатын. Әкесінен қалған елді еркін басқару үшін, ол көп ойланбастан Византиямен 30 жылдық бейбіт келісімге қол қояды және франктармен қарым-қатынасын түзеуге тырысады. Бірақ франктармен келісімге келе алмаған ол бірден соғыс бастап кетеді. Франктармен шекара мәселесі бойынша келісім шартқа қол қойғаннан кейін мемлекетті одан әрмен дамытуға тырысты. Бұрыңғы тұз өндіретін орындар қайта ашылып мемлекет экономикалық тұрғыдан күшейтілген болатын.

Түйін сөздер: Түркі, Болгар, Авар, Византия, Франк, шекара, Ұлы Карл, Құрым, Омуртаг, I.

Никифор Геник.

Жүктелулер

Как цитировать

Palalı, G. (2021). Болгар мемлекетінің Құрым Хан және Омуртаг Хан кезіндегі Византия және Франк елдерімен қарым-қатынасы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 103(4), 26–31. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.03

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая