Қазақ мал шаруашылығы жүйесіне империялық ветеринариялық тәжірибелердің енгізілуі мәселесіндегі дерек көздердің зерттелуі және негізгі сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.20Аннотация
Мақалада Торғай өңірінде ветеринарлық қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуын, отарлық
жоба ретінде, прагматикалық мақсаттарды жүзеге асыру мақсатын зерттеу барысында жиналған
дереккөздер кешені талданады. Деректік қордың негізін іс жүргізу құжаттары, ХІХ ғасырдың
екінші жартысындағы статистикалық және зерттеу экспедицияларының зерттеу материалдары,
бірқатар ғылыми және публицистикалық жарияланымдар және империялық саясат жетекшілерінің
ғылыми еңбектері, фольклорлық және этнографиялық деректер құрайды. Олар өз алдына
жүйеленіп бірнеше топқа топтастырылған. Дереккөздердің жүйеленуіне байланысты, деректің
пайда болуы мен өзіне тән көзқарасқасына сәйкес, шартты түрде әр түрлі дүниетанымдық екі
корпусқа бөлінді. Аталған қағидаға сәйкес бөлінген деректер топтастырылып, әр топ деректері
үшін жалпы жұмыс принциптері әзірленді, және деректердің көзделген мақсатына, идеологиясына
және тақырыбына байланысты түрлерге бөлінді. Деректердің жүйеленген әрі жіктелген топтары
мен түрлері, мән-мағыналық, жанрлық ерекшеліктерінің себептері мен заңдылықтарын және
олардың өзгерісі зерттеулерімен толықтырылды. Бұл, өз кезегінде, дереккөздерді талдаудың
жаңа әдістерін қолдана отырып, қазақтың дәстүрлі шаруашылығының өзгеруіне алып келген
ветеринарлық қызметтің дала өңірінде қалыптасуы мен дамуы мәселесін жан-жақты зерттеуге
мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: іс жүргізу құжаттары, экспедиция материалдары, ғылыми еңбектер, фольклор,
этнографиялық деректер, ветеринарлық қызмет жүйесі, трансформация, Торғай облысы.