Тұлғалар тарихының зерттелуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.16Аннотация
Аталған мақалада орыс зерттеушілері А.И. Левшин, Л. Мейер, И.И. Крафт, П. Юдин,
С.Н. Севастьянов, А.И. Добросмыслов т.б. еңбектерінде аталған халқымыздың төл тарихында
өзіндік орындары бар тарихи тұлғалар тағдырын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеу, олардың
қоғамдық-саяси қызметтерін бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау қарастырылады. Өйткені
олардың қоғамдық-саяси қызметін саралау алдымен тікелей архив құжаттарының іздестіріліп
табылуына және сол тарихи дерек арқылы олардың қоғамдағы орнының объективті бағалануына
байланысты.
ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның батыс
өңіріндегі беделді қайраткерлер арасында Қаратай сұлтан, Айшуақ хан, Арынғазы хан, Шерғазы
хан т.б. өзіндік орны бар. Олар сол замандағы бүкіл қазақ жері ғана емес, сонымен бірге
көршілес елдерге белгілі қоғам қайраткерлері болғандығын орыс зерттеушілерінің ерекше
назарын аударды. Қазақ қоғам және мемлекет қайраткерлері өмір сүріп, ізін қалдырған XVIII –
XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы халқымыздың жүріп өткен жолындағы ақтаңдақ беттердің
бірі екендігі даусыз. Өйткені ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Ресей құрамына енуі «өз еркімен
қосылды» тәріздес жасанды теориямен дәріптеліп, қазақ халқының қоғамдық-саяси, әлеуметтік
экономикалық мәселелері біржақты зерттелді. Соның әсерінен отарлау заманында ешқашан
үзілмеген ұлт-азаттық күрестер тарихы, ел басқарған қазақ азаматтарының тарихи бейнесі,
халқымыздың көршілес елдермен қарым-қатынасы тек «аға» халықтың мүддесі тұрғысынан
баяндалуы қарастырылып, талданады.
Түйін сөздер: тарих, тарихнама, зерттеушілер, билік, хан, сұлтан, Кіші жүз, Қаратай сұлтан,
Айшуақ хан, Шерғазы хан, Ресей, Қазақстан.