Тәуелсіздік кезеңіндегі Отандық тарих ғылымының дамуы мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.01Аннотация
Автор бұл мақаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялаған кезден бүгінгі күндерге дейінгі аралықтағы Отандық тарих ғылымының дамуы мәселелерін қарастырады. Ол егемендіктің отыз жылдығын шартты түрде үш кезеңге бөліп, әр кезеңдегі тарих ғылымының мәселелерін жеке-жеке талдайды. Алғашқы онжылдықтағы Отандық тарих ғылымының даму барысын көрсететін мынадай жағдайларды атап өтеді. Олар: таптық принципке негізделген маркстік-лениндік методологияның орнына таптық емес, жаңа ұстанымдарға негізделген өркениеттік көзқарастың орнығуы, «ақтаңдақтарды» ашып көрсету, отан тарихының өзекті мәселелерін жаңа ұстанымдар бойынша зерттеулер және олардың алғашқы нәтижелері, тұлғатану бағытының қалыптаса бастауы және тағы басқа бағыттар болды. Отандық тарихтың дамуының екінші онжылдығында алғашқы онжылдықтағы бағыттар одан әрі әрі кеңейіп, әрі тереңдеп жалғасын табады. 2004-2011 жылдары елімізде жүзеге асырылған кешенді мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздегі тарих ғылымының дамуына өз ықпалын тигізеді. Ал, үшінші онжылдықта мемлекеттің арнайы «Рухани жаңғыру» және т.б. бағдарламалары тарих ғылымының құлашын кең жаюға жол ашқаны айтылады. Автор солардың қатарына Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу мен Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту шараларын жатқызып, осы бағыттардағы зерттеу жұмыстарының қорытындыларына тоқталады. Түйін сөздер: Тәуелсіздік, «ақтаңдақтар», отандық тарих ғылымы, өркениеттік ұстаным, мемлекеттік бағдарламалар