Қазақстандағы қылует жерасты мешіттерінің тарихы мен қызметі (жазба және археологиялық деректерде)

Авторлар

  • M. S, Issayev Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави
  • Kh. M. Tursun Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • B. K. Baybolov «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.14
        50 80

Аннотация

  Мақала Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің тарихы мен атқарған қызметтерін айқындауға арналған. Шақпақ ата, Үлкен Қылует,  Шілдехана, Құмшық ата, Имам Марқозы, Бекет ата және т.б жерасты мешіттері туралы жазып қалдырған ортағасырлық саяхатшылар, шежірешілер мен түрік, орыс  ғалымдары және отандық, шетелдік зерттеушілер еңбектері, сондай-ақ, архив құжаттары дереккөз ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында қазақ жеріндегі ІХ-ХХ ғасырларда салынып, қызмет атқарған жерасты мешіттері туралы жазба және археологиялық деректер талданып, сарапталады. Зерттеу нысанын анықтауда тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстыру, болжам жасау, талдау тәсілдері қолданылды.

Мақаладағы ғылыми нәтижелер тарихи танымымызды толықтырып, өскелең ұрпаққа халқымыздың діни-рухани тарихын танытатын болады. Сонымен қатар, еліміздегі діни-рухани туризмді дамыту бағытында пайдалануға болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-22

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая