Жібек матаның «Жібек жолы» тарихындағы маңызы
Аннотация
Сауда керуенінің қалыптасқан кезеңінен бастап Қытай жібегі Үндістан, Жапония, Корея мен Орталық Азия, Европа аймағындағы мемлекеттердің қызығушылығын тудырды. Әлемдік саудада жібек мата үлкен сұранысқа ие болып қана қоймай, кейбір елдерде валюта ретінде саналса, енді бір елдерде салық ретінде салынды. Мақаланың мақсаты: жібек өндірудің отанын анықтау және жібек матаның «Жібек жолы» қалыптасуындағы орны мен маңызын көрсету. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылады: археологиялық қазба жұмыстары деректеріне сүйене отырып жібек өндірудің отанын анықтау; «Жібек жолы» және «Жібек жолдары» терминдерін қолдануын көрсету; Керуен жолы қалыптасқан кезеңнен бері тауардың тасымалдау бағыттарын талдау. Мақала барысында диффузиялық инновациялық фактор теориясы қолданылады. Зерттеу барысында келесідей мәселелер анықталды: жібек матаның негізгі отаны – Қытай. Қытайдан басталған керуен жолының Европаға дейін таралу барысында жүздеген тауар түрі болғанына қарамастан жібек өнімі әлемдік саудада үнемі сұранысқа ие болып, нәтижесінде бірнеше мыңжылдық тарихы бар керуен жолы осы тауардың атымен аталып, тарихта «Жібек жолы» деген атаумен сақталды. Мақала оқушыларға, студенттер мен тарихшы ғалымдарға, сондай-ақ тарихқа қызығушылық танытқан оқырмандарға арналады.