Оңтүстік-Шығыс Жетісу аймағындағы Шелек-Талғар өзендері аралығындағы ерте көшпенділер мәдениетінің генезисі (Өрнек және Түрген қорымдары негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.21Аннотация
Жетісу аумағы б.з.д. I мыңж. сақ уақытындағы ескерткіштердің бірегей шоғырлануымен ерекшеленіп, сақ уақытындағы жерлеу-ғұрыптық кешендері бүгінгі күні салыстырмалы түрде жақсы зерттелген. Жерлеу рәсімі кез келген этнос мәдениетінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Соңғы онжылдықтардағы елеулі табыстарға қарамастан, сақ мәдениеттерінің мәдени- хронологиялық аспектілері толыққанды шешімін таппады. Бұл ретте жерлеу ескерткіштерінің конструктивтік ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. Жергілікті ерекшеліктерді анықтау және Жетісу аумағындағы сақтардың жерлеу тәжірибесіндегі генезисті қадағалау біздің зерттеуіміздің мақсаты болып табылады.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда, мақалада, ең алдымен, зерттеудің дәстүрлі археологиялық әдістері бар: картаға түсіру, планиграфиялық және стратиграфиялық бақылаулар, киім кешенін жіктеу, аналогия әдісі, формальды типологиялық талдау, статистика элементтері мен әдістері, ретроспективті әдістер қолданылды.
Классикалық сақ заманында (б.з. д. V–IV ғғ.) Жетісу өңірінде шоғырланған жерлеу-ғұрыптық ескерткіштердің басқа аймақтармен салыстырғанда ерекшелене түсетіндігін байқауға болады. Бұны біз жерлеу ғұрпында және жалпы табылған олжалардан аңғаруға болады. Қорғандардың құрылымдық ерекшеліктерін зерттей отырып, жергілікті тайпалардың жерлеу дәстүрлерінің жергілікті ерекшелігі туралы қорытындыға келдік. Мақала аясында бұрын жарияланбаған «түрлі- түсті» қорғандардың құрылымдық ерекшеліктері атап өтіледі.
Түйін сөздер: Оңтүстік-Шығыс Жетісу, Шелек-Талғар қосөзен аралығы, ерте көшпелілер, қорған, құрылыс, генезис.