Ортағасырлық түркі шипагерлік дәстүрі мен жазба жәдігерлері
DOI:
https://doi.org/10.26577//JH.2021.v102.i3.18Аннотация
Түрлі этникалық топтардың негізінде халықтық медицина дәстүрлеріне этнографиялық зерттеулер жүргізу, оларды халық арасына кеңінен насихаттау арқылы практикада қолдану бүгінгі күннің ғылыми бағыты үшін ерекше орын алады. «Ұлы даланың жеті қыры» және Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының этномәдени жүйесін зерттеудегі маңызды мәселелердің бірі – ортағасырлардағы Қазақстан территориясында қолданылған көшпелі халықтардың этномедицинасы. Қазіргі ғылымның қарқынды дамуы кезеңінде орта ғасырдағы халық медицинасына қатысты зерттеулер жаңа этнографиялық материалдармен толықтырылуы және далалық этномедицина тарихының жан-жақты зерттелуі қажет. Осындай медициналық мазмұнда жазылған ортағасырлық жазба жәдігерлердің бірі ретінде Көшкінші ханның жеке дәрігері Сұлтан Әли әл-Хорасани қаламымен XVI ғасырдың бірінші жартысында жазылған «Дастӯр ал- ‘илāж» («Емдеу дәстүрі») еңбегін алуға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты жазба мұралар негізінде көшпенді халықтың емдеу мәдениеті мен тарихын зерттеу арқылы Ұлы Дала халықтарының емшілік өнері мен мәдениетінің өзара байланысын талдау. Тақырыпты ашу барысында мәтіндік талдау соның ішінде сөздерінің морфологиялық құрылымдарын, мағынасы мен мазмұнын зерттеу үшін салыстырмалы-тарихи және лингвомәдениеттанулық әдістерін қолдана отырып, жарияланған зерттеулерді саралап салыстыру арқылы халықтық медицина туралы ақпарат көздерінің қатарын арттыру және ғылыми айналымға түспеген қолжазба еңбегін таныстыру көзделген.
Түйін сөздер: қолжазба мәтіндері, дәстүрлі медицина, орта ғасыр жазба жәдігерлері, шағатай тілі, шипагерлік дәстүрі.