1945-1953 жылдардағы Ақтөбе облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуы

Авторлар

  • A. K. Mukhambetgaliyeva Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0002-0293-2894

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.16
        70 98

Аннотация

Мақалада 1945-1953 жылдары Ақтөбе облысының тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту мәселелері талқыланады. Қазіргі отандық тарихнамада бұл проблема бұрын бөлек қарастырылмаған, ал Ақтөбе облысы бойынша қолда бар зерттеулер 

негізінен халықтың экономикалық және мәдени өміріне арналған және тек үзінді мәліметтерді қамтиды. Осыған орай, бұл жұмыстың мақсаты архивтік материалдардың негізінде, соғыстан кейінгі жылдардағы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайын талдау, тұрғындардың тұрмыстық жағдайларындағы мәселелерін анықтау болып табылады. Автор халықтың тұрғын үй алаңдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне, қаланың тұрғын үй қорының жай-күйіне және жаңа үйлердің салыну қарқынына, аймақтағы электрлендіру, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін дамыту мәселелеріне назар аударады.

Қорытындылай келе, автор мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің жағдайы қарасты- рылып отырған кезеңде қанағаттанарлықсыз болған деген қорытынды жасайды. Ақтөбе облысында тұрғын үй секторы облыстың қарқынды өнеркәсіптік және ауылшаруашылық дамуына қарамастан артта қалды. Тұрғын үй мәселесін шешуде, аудандарды абаттандыруда, электрлендіруде кейбір оң өзгерістер 1951-1952 жылдары ғана пайда бола бастады.

Түйін сөздер: Ақтөбе облысы, тұрғын үй қоры, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет.

Автордың биографиясы

A. K. Mukhambetgaliyeva, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі 

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhambetgaliyeva, A. K. (2021). 1945-1953 жылдардағы Ақтөбе облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 158168. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.16

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая