КСРО-ның ыдырауы – қайта құру саясатының заңды нәтижесi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.13Аннотация
80-жылдардың ортасына қарай Кеңес Одағындағы қалыптасқан жағдай елдің экономикасы мен қоғамдық-саяси саласында қайта құруларды талап етті. Биліктің дағдарысы елдің дамуына едәуір әсер етті. 1985 жылы наурызда билікке келген М.С. Горбачев, жас ерекшелігі бойынша өзінен бұрынғылардан ғана емес, сонымен қатар мемлекеттегі қалыптасқан жағдайды бағалауымен де айтарлықтай ерекшеленді. 1985 жылы сәуірде Горбачев әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету курсына көшу туралы жариялады, ол кейіннен елдің саяси жүйесіне де әсер ететін қайта құру бағдарламасына айналды.
Соған қарамастан Горбачевтің Кеңес мемлекетінің құрылымын біртіндеп өзгертуге бағытталған жоспарлары шын мәнінде өмір деңгейінің айтарлықтай нашарлауына және алғашқы этносаралық қақтығыстардың көрінуіне байланысты қоғамдағы шиеленістің күрт өршуіне тап болды. 1988-1989 жж. реформалардың КСРО-дағы жағдайды шиеленістіргені және 1990 жылы ыдырау процестерін бастауға арналған трамплинге айналғаны айқын болды. Мемлекеттің сыртқы саясаты да «жаңа саяси ойлауға» сәйкес едәуір өзгеріске ұшырады, нәтижесінде КСРО-ның халықаралық аренадағы позициясы өте әлсіреді. Осы жағдайлардың барлығы 1991 жылы Одақтың күйреуіне әкелді. Бұл оқиғаның көптеген салдары әлі күнге дейін 15 тәуелсіз мемлекеттің дамуына әсер етеді.
Түйін сөздер: «қайта құру» саясаты, жариялылық саясаты, КОКП ОК пленумы, жеделдету, жаңа саяси ойлау, М.С. Горбачёв, Б.Н. Ельцин, А.Н. Яковлев, Р. Рейган, қырғи қабақ соғысы, қарусыздану, КСРО-ның ыдырауы.