Ортағасырлық Жанкент қаласынан табылған асүйлік ыдыстардың жіктелуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.12Аннотация
Жанкент қаласында 15 жылдан бері жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған негізгі археологиялық материал – керамикалық бұйымдар. Бүгінгі таңда Жанкент керамикасы толыққанды зерттелмей әрі классификациясы жасалынбаған күйде қалып отыр.
Жанкент қаласынан табылған керамиканың құрамы әркелкі және күрделі болып келеді. Керамиканы дайындау әдісі бойынша екі түрге, жапсырмалы әдіспен және айналмалы шығырда жасалған түрлерге бөлуге болады. Сонымен бірге күйдірілген қыштан жасалған бұйымдар функционалдық қызметіне байланысты тағы бірнеше санаттарға бөлінеді. Аталған санаттар, өз кезегінде, белгілі бір сипаттамаларына байланысты кіші бірліктерге жіктеледі.
Мақалада авторлар Жанкент қаласы керамикасын жіктеу жұмыстарының бастапқы сатысын ұсынады. Ұсынылған жұмыста ортағасырлық Жанкент қаласынан табылған ас әзірлеуге арналған қыш ыдыстардың қысқаша сипаттамасы берілген. Сонымен қатар, ас әзірлеуге арналған ыдыстарды жіктеу және оларды жасау технологиясының қысқаша сипаттамасы берілген. Көрнекі материал ретінде мақалада керамикалық бұйымдардың фотолары мен суреттері келтіріледі.
Сонымен бірге мақалада зерттелетін қыш ыдыстардың баламалары келтірілген. Мысалы, Жанкент қаласынан табылған асханалық ыдыстар Оңтүстік Қазақстан ескерткіштерінен (Отырар, Қаратөбе) табылған керамикалық материалдарға ұқсас келеді.
Мақалада жасалынған жіктеу Жанкент қаласы керамикалық кешеніндегі асханалық ыдыстарды жіктеудің бастамасы ғана болып табылады. Болашақта Жанкент керамикасының барлық санаттарына толық талдау мен типологиялық жіктеу жүргізу жоспарлануда.
Түйін сөздер: Жанкент, ортағасырлық керамика, асүйлік көзелер, керамиканың жіктелуі.