Қазақстан мен Азия мемлекеттерінің арасындағы аймақтық көші-қон (1991-2011 ЖЖ.)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.11Аннотация
Мақалада Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің 1991-2011 жылдар аралығындағы аймақтық қарым-қатынастарының қалыптаса бастауы, мемлекет аралық келісімдер, шекара шебінің айқындалуы, мемлекеттердің экономикалық-әлеуметтік даму жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуы және елдердің қауіпсіздік мәселесі келісімдер мен адам құқықтары, көші-қон процестерін реттеуге байланысты атқарылған шаралар қаралған.
Қазақстанға оралған қазақ диаспорасының өкілдерінің ата-бабалары Кеңес Одағы кезінде қиын заманда елден еріксіз қоныс аударып кеткен болатын. Қазіргі уақытта солардың ұрпақтары Тәуелсіз Қазақстан Республикасына әртүрлі мемлекеттерден бұрынғы тарихи Отаны ретінде көшіп келіп қоныстануда.
Ғылыми-зерттеуде Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері арасында келісімдер негізінде және БҰҰ мен Халықаралық нормалар мен талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылған көші- қон процестері аймақтық және жаһандық сипатқа ие болғандығы зерделенген. Осы аталған ғылыми-зерттеу мақаласын жазуға отандық және шетелдік авторлардың еңбектерімен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті архиві мен Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің тың құжаттық және деректік материалдары пайдаланылған.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасына аймақтық көші-қонда келген қазақ диаспорасының орналасуы және олардың Қырғызстан,Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Ауғанстан мемлекеттерінен келгендігі, олардың сандық көрсеткіштері туралы да мәліметтер келтірілген.
Түйін сөздер: Қазақстан, Орталық Азия, Азия мемлекеттері, аймақтық қарым-қатынастар, ұлттар, халық, этностар, диаспора, көші-қон, оралмандар.