XIX ғ. аяғы – XX ғ. Басы Ферғана облысын қоныс аударушы шаруалармен қоныстандыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.10
        51 126

Аннотация

 

Зерттеудің өзектілігі XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Оңтүстік Қырғызстанның қоныстану мәселесінің жеткілікті зерттелмегендігімен байланысты. Бұл жұмыстың мақсаты – Ресей архивтері мен революцияға дейінгі авторлардың материалдарын ғылыми айналымға енгізу негізінде Ферғана облысын қоныс аударушылармен қоныстандыру тарихын ашу. Мақаланың мазмұны тарихилық және объективтілік қағидаттарды қолдануға негізделген. Шаруалардың қоныс аудару кезеңдері және Ферғана облысының қырғыз болыстарында қоныс аударатын ауылдардың қалыптасуы анықталды. 1906 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы қырғыздардың тау бөктеріндегі және таулы аудандардағы жерлерін тартып алу есебінен қоныс аударушыларды жайластыру үшін қоныс аудару қорын құрумен айналысты. Орыс шаруаларына жер отбасы мүшелерінің санына емес, әр үй шаруашылықтарына, яғни егістік, шабындық, жайылымдық және үй-жайлық жерлерді қоса алғанда, 10 ондық жерден бөлінді. Облыстың ауылшаруашылық алқаптарының 40% мақта егумен айналысқанына қарамастан, әкімшілік орыс ауылдарын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізді. Шаруалардың Қырғызстанның оңтүстік аймақтарына қоныс аудару ауқымы мынандай болды, егер 1902 жылға қарай Ферғана облысында тек 7 орыс ауылы құрылса, 1916 жылға қарай 68 қоныс аударатын ауыл құрылды.

Түйін сөздер: Ферғана облысы, қоныс аударушылар, жер мәселесі, қырғыздар, егіншілік,

мақта шаруашылығы, Әндіжан көтерілісі.

Автордың биографиясы

F. Miimanbaeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к.,доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Miimanbaeva, F. (2021). XIX ғ. аяғы – XX ғ. Басы Ферғана облысын қоныс аударушы шаруалармен қоныстандыру. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 103–110. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.10

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая