Орталық Азия көшпелі халықтарының этникалық тарихындағы түс феномені

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.9
        65 375

Аннотация

Жұмыс көшпелілердің этникалық тарихындағы түс концепциясы проблемасын зерттеуге арналған. Бұл мақаланың мақсаты – түркі халықтарының этникалық құрылымындағы түстерді белгілеу семантикасы мәселесін тарихи-этимологиялық, этномәдени аспектілерде зерттеу. Мәсе- ленің маңыздылығы этнонимдер атауындағы түс коннотациясын, оның генезисін түсіндірудің шешілмеуімен, қолда бар білімді жүйелеу қажеттілігімен, сондай-ақ көшпелі әлемге жататын халықтардың мәдени сәйкестігін қалыптастыруға қатысты сюжеттерді зерттеудегі кешенді тәсілмен байланысты. Қарастырылып отырған тақырып мәдени дәстүрдегі түстерді білдіретін лексиканы зерделеу контексінде мәселенің проблематикасын айқындау, түс тұжырымдамасын талдауда семиотикалық тәсілді анықтау, көшпенділердің этникалық тарихы проблемаларын зерттеуде түс атрибуциясы әлеуетінің перспективаларын негіздеу сияқты міндеттерді шешуді көздейді. Мәселені зерттеудің теориялық негізі колористикалық қабылдаудың ерекшелігі дүниетаным жүйесімен байланыстылығында және этномәдени сананың семиотикалық сферасын көрсететін және ашатын белгілер мен символдар түрінде болады деген идеяда жатыр.

Зерттеуде түркі тарихы, фольклор және лингвистика саласындағы классикалық ғылыми

еңбектердегі тайпалар мен рулардың түстерді белгілеу маңызына тарихи талдау жасау дәстүрі негізге алынды.

Деректік негізі жазба ескерткіштері, топонимия және ауызша тарихнамалық деректері болды. Зерттеудің негізгі әдістері: салыстырмалы-тарихи, семиотикалық, семантикалық талдау. Колористикалық қабылдаудың ерекшелігі дүниетаным жүйесіне негізделген, ол этномәдени сананың семиотикалық саласын жеткізетін және ашатын белгілер мен символдар түрінде болады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде түс феноменінің ертеден бастау алуы, түркі халықтарының мифологиясынан жалғасатын түс бейнелерінің архетиптерінің болуы туралы қорытынды жасалды. Көшпелілер этнонимикасындағы түстердің атрибуциясы кең ауқымды белгілерге ие: тікелейден символдыққа дейін. Түсті белгілеу семантикасы қолданудың тарихи контексіне, оны қолдану мәдениетінің ерекшелігіне, ру-тайпалық құрамның қалыптасуының тарихи жағдайларына байланысты.

Түйін сөздер: түсті белгілеу, символика, этноним, мәдениет, ақ, қара, сары, түрлі-түсті.

Автордың биографиясы

G. B. Khabizhanova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д.,профессор

Жүктелулер

Как цитировать

Khabizhanova, G. B. (2021). Орталық Азия көшпелі халықтарының этникалық тарихындағы түс феномені. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 93–102. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.9

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая