«Сығанақ грамоталарының » деректанулық талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.08Аннотация
Мақалада ортағасырлық Қазақстан тарихына байланысты деректану ғылымында «Сығанақ грамоталары» деп аталатын құжаттар кешеніне тарихнамалық талдау жасалған. Формуляр бөліктерін зерттеу, талдау және салыстыру, XVII ғасырға дейінгі Сырдария маңындағы қалаларда хан жарлықтары берілген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанның оңтүстік қалаларында – Сығанақ, Сайран, Түркістанда шығарылған төрт жарлықтың екеуі тархандық, біреуі сойюргал, біреу вакуфтық жарлықтары болып табылады. Шын мәнінде, бұл құжаттар нақты түрде тархан жарлықтарының белгілерімен қатар сойюрғал және вакуф жарлықтарымен аралас болып табылады. Бірақ формулярдағы жеке бөліктері мен сөз тіркестіктері олардың нақты актілік деректерге жататындығын анықтауға мүмкіндік береді. Мақаланың басты маңыздылығы дереккөздердің тарихи интерпретациясында ғана емес, бірегей дереккөздердің эволюциясын анықтауда, жарлықтар формулярларының бөліктерін зерттеуде (дипломатиялық талдау) және олардың негізінде сыныптауда.
Мақалада көшпелілер өркениетінің жазбаша дереккөздерге пәнаралық зерттеу әдістерін
қолдану туралы сипатталады. Жаңа зерттеу әдістерін қолданбай жарлықтардан қажетті тарихи ақпаратты алу мүмкін емес. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі деректік талдау ортағасырлық дереккөздерден Алтын Орда мен Алтын Ордадан кейінгі мемлекеттердің әлеуметтік құрылымы мен жер қатынастары, әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы бірқатар құнды мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жарлық, абстракты формуляр, ауызша тарихнама, автохтонды дереккөздер, дипломатика, Алтын Орданың дереккөздері, формулярды қалпына келтіру, тархандық, сойюргал, вакуфтық жарлық.