Османлы тарихи төлқұжаттарында Дешті Қыпшақ аумағы және Сарайшық қалашығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.05
        170 69

Аннотация

Қазақстанның негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауына сәйкес,«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында шетелдік архивтерде сақталатын Қазақстан мен қазақ тарихына қатысты дереккөздерді мұрағаттардан жинау және ғылыми айналымға енгізуге бағытталған «Архив-2025» жобасы басталды.Бұл жұмыста «Архив-2025» жобасы аясында Османлы дәуірінің мұрағаттарында Дешт-і Қыпшақ аумағы және Сарайшық қалашығы туралы ақпараттары анықталды. Осы орайда Османлы кезеңі қолжазбалардағы қазақ тарихы жайындағы тиісті бөліктер османлы түрікшесінен қазақшаға көшірілді және берілген мағлұматтардың сараптамалары жасалды. Зерттеу барысында екі саяхатнама мен екі шежіре, барлығы 4 қолжазба қолданылды. Бұл туындылар Сұлтан Сүлеймен дәуірінде мемлекеттің Капудан пашасы болып қызмет еткен Сейд-и Али Рейстің «Миратул Мамалик» атты саяхатнамасы, III Мурад дәуірінде Қаржы министрлігі (Дефтердардық) қызметін атқарған Сейфи Челебидің «Түркістан мен Қиыр Шығыс» саяхатнамасы; Османлы кезінде Кефе губернаторы болған Ибн Рыдванның Таварих-и Дешт-и қыпшак және Абдулғаффар тарапынан жазылған Умдат аль-(Агбар) атындағы шығарма. Осы қолжазбалар Алтын Орда кезеңі тарих зерттеулерінде және Дешті Қыпшақ жайында құнды мәліметтер береді.

Түйін сөздер: Дешт-і Қыпшақ, Сарайшық, қолжазба, саяхатнама, Миратул Мамалик, Таварих-и Дешт-и қыпшак, Умдат аль-(Агбар).

Жүктелулер

Как цитировать

Cinar, S., & Gundogdu, A. (2021). Османлы тарихи төлқұжаттарында Дешті Қыпшақ аумағы және Сарайшық қалашығы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 40–56. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.05

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая