Тарих барысындағы Ауғанстанға сын

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.02
        59 81

Аннотация

«Ауғанстан тарих жолында» кітабын жазған Мир Ғұлам Мұхаммед Губар көрнекті қоғам қайраткері, білікті ауған тарихшысы. Бұл кітап деректі талдау негізінде жазылған өз заманының жәдігері. Ол жарық көрген соң он бір жыл бойы үкімет тарапынан тыйым салынған бірінші кітап. Бұл жағдай автор мен кітапты әйгілі етті. Бұл кітап Шива әдебиеті мен деректі-аналитикалық әдісті қолдана отырып, ғылыми стильде жазылған. Алайда жазу стилі мен әдебиет тұрғысынан бірінші және екінші томдардан айырмашылығы бар. Бұл кітаптың мазмұнында Мұхаммед Захир Шахтың заманындағы Ауғанстан тарихы қамтылған. Автордың айтуынша, кітапта Ауғанстанның әлеуметтік тарихы емес, саяси тарихы жазылған. Автор көрші мемлекеттердің тарихынан бөлек Ауғанстанның саяси тарихын жазып шығуға болатынын айтады. Сондықтан да кітапта тарихи кезеңдерді зерттеуде бірнеше кемшіліктер жіберілген. Автор өткенді бүгінгі саяси жағдайлармен үйлестіруге тырысқан. Демек, ол өткен мемлекеттерді танудың нақты критерийін қарастыра алмаған. Кітап мәтіні қызықты талдауларға толы. Сонымен бірге кітап кемшілігі ретінде атап өтілуге тиіс, мазмұнына көп нұсқан келтіре қоймайтын құжаттанбаған талдаулар да баршылық. Кітапта пайдаланылған деректер түпнұсқалығымен және жаңалығымен ерекшеленеді. Губардың дереккөздері тек парсы немесе пушту тіліндегі шығармалар ғана емес, сонымен қатар араб, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптар болып табылады. Неміс стилін ұстанған тарихшы Леопольд фон Ранж әдісін Губардың Ауғанстан тарихын жазу барысында қолданғаны аңғарылады.

Түйін сөздер: тарих жолындағы Ауғанстан, Губар, сын, хат тәсілі.

 

Автордың биографиясы

Sayed Khalil Kohi, Бамиан университеті, Ауғанстан, Бамиан қ.

т.ғ.д.,профессор

Жүктелулер

Как цитировать

Kohi, S. K. (2021). Тарих барысындағы Ауғанстанға сын. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 102(3), 12–21. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v102.i3.02

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая