ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРХЕОЛОГИЯ МАЙТАЛМАНЫ – ПРОФЕССОР МАДИЯР ЕЛЕУОВ (75 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ)
Аннотация
Атақты археолог әрі белгілі ұстаз – тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуов биыл 75 жасқа толып отыр. Саналы ғұмы- рын археология ғылымына арнаған ғалымның өмір жолы жастарға өнеге, өскелең ұрпаққа ұлағат десе де болады. Сол себепті де оның өмір белестерін, ғылымға қосқан үлесін бағамдап кеткеннің артықтығы бола қоймас.








