БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛУ ӘДЕТҒҰРЫПТАРЫ: ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ АВТОРЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.21
        97 122

Аннотация

Мақалада Қазақстанның батыс өңіріндегі қазақтардың жерлеу және еске алу әдетғұрыптарына қатысты қазан төңкерісіне дейін жарық көрген тарихи-этнографиялық деректер мен материалдар берілген. XVIII ғ. I жартысынан бастап батыс өңірі қазақтарының тұрмысы мен салт-дәстүрі туралы алғашқы деректер Ресей империясының әскерилер мен елшілерінің қазақ даласына жасаған сапарлары барысында жинақтала бастады. Алғашында саяси мақсаттарда жасалған арнайы «зерттеулер», кейінгі кезеңде саяхатшылар мен саудагерлердің, патшалық Ресейге қызмет еткен әртүрлі әкімшілік өкілдері мен шенеуніктердің көшпелілердің тұрмысы туралы өз көзімен көрген жазбаларына жалғасты. Мақалада өңірді мекендеген көшпелілердің отбасылық салт-дәстүріне жататын жерлеу мен еске алу рәсіміне қатысты XVIII ғ. II жартысынан бастап Ресейде жарық көрген француз, орыс, неміс, қазақ авторларының еңбектері мен мақалалары көрініс тапқан. Материалдарда Батыс Қазақстан қазақтарының жерлеу және еске алу әдет-ғұрыптарына қатысты естірту, жоқтау, жуындыру, қабірін қазу, жаназасын шығару, жерлеу, моласын тұрғызу, ас беру рәсімдері туралы мәліметтер жан-жақты қамтылған. Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген аталған тарихи-этнографиялық материалдарда көшпелілердің әдет-ғұрыптары мейлінше шынайы сипатталған. Осыған орай, қазіргі уақытта олардың барлығы зерттеушілер үшін ерекше деректік маңызға ие. Түйін сөздер: Батыс Қазақстан, этнография, қазақтар, жерлеу және еске алу әдет-ғұрыптары.

Автордың биографиясы

M. К. Kipiev, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы, Қазақстан, Атырау қ.

Гуманитарлық ғылымдар магистрі 

Жүктелулер

Как цитировать

Kipiev M. К. (2021). БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛУ ӘДЕТҒҰРЫПТАРЫ: ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ АВТОРЛАРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 101(2), 204–211. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.21

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая