КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН ОРЫСТАНДЫРУҒА ӘСЕРІ (ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.19
        88 163

Аннотация

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі отыз жылдық уақытта отандық ғылым саласында бірқатар өзгерістер орын алғаны белгілі. Дегенмен өткеннен сабақ ала отырып, болашақты дұрыс болжау үшін еліміздің өткен тарихы жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қарастырыла бастағаны белгілі. Бүгінгі күн тұрғысынан қайта қарастыруды қажет ететін сондай тақырыптардың бірі

– отан тарихының ақтаңдақ беттерінің бірі болып табылатын кеңестік кезеңнің тарихы, оның ішінде кеңес үкіметінің ағартушылық идеясын насихаттай отырып, қазақ халқының рухани әлемін орыстандыру саясаты болып табылады. Кеңес үкіметінің орнауымен бірге тіл саясатында өзгерістердің орын алуы халық тарапынан алаңдаушылық туғызды. Осы жолда жүріп өткен қазақ ағартушыларының еңбектері мен ерліктері, сауаттандыруға байланысты ашылған мектептер, қазақ жастарының білім алуы, әріптердің ауысуы сынды қазақ қоғамында болып жатқан өзгерістер әлі де болса зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі.

Мақалада ХХ ғасырдың бас кезіндегі Кеңес үкіметінің қазақ  қоғамын  орыстандыру саясаты жайында. Сол кезеңдегі қазақ қоғамын рухани отарлау, сауатсыздықпен күрес, орыс мектептерінің көптеп ашылуы, орыс тілін меңгеруге көптеп мән беру, әріптерді реформалау саясатының мәні туралы баяндалады.

Түйін сөздер: реформа, сауатсыздық, тіл, білім, отарлау, тәуелсіздік.

Автордың биографиясы

А. Konyrova, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

 PhD докторант

Жүктелулер

Жарияланды

2021-06-10

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая