АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫНА ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.16
        238 456

Аннотация

Қазіргі таңда отандық тарих ғылымының дамуында тарихнаманың өзіндік орны  бар. Ақтөбе қаласының тарихын тарихнамалық тұрғыда айқындау тарихи зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыруға белгілі бір дәрежеде септігін тигізеді. Қала тарихын зерттеу жұмыстарына сай, Ақтөбе бекінісінің қаланған күндерінен бастап тарихи хроникаларын айқындап ашып береді. Ақтөбе қаласының тарихын зерттеуде тарихнамалық талдаулар, деректік базалар және мерзімді басылымдармен көрсетуге тырысты. Соның бір дәлелі, Ақтөбе мемлекеттік мұрағатында сақталған «Актюбинский вестник» шаруашылық­әдеби, «Актюбинская правда» газеті болып табылады. Бұдан басқа, мұрағат қорларында сирек сақталған «Степная правда» газеті және

«Обзоры Тургайской области» хроникалық деректемелері және тағы басқа мұрағаттық қорлар қала тарихын зерттеуге мүмкіндік береді. Ақтөбе қаласының маңызды бөлігіне айналған Орынбор­Ташкент теміржолының салынуы туралы тарихи маңызы А.А. Кауфманның Торғайға іс­ сапары барысында жүргізген экспедицияларында жазылған. Қазақстан үшін үлкен өзекті болып табылатын бұл теміржол желісі де қала тарихын жазуға негіз болады.

Мерзімді басылымдар беттерінен алынған мәліметтер Ақтөбе тарихына және отандық тарихшыларының еңбектеріне негізделіп жазылғандығы да қарастырылады. Соның ішінде, Ақтөбе қаласына қатысты бірнеше тарихи еңбектер де жазылып өткен. Мәселен, М.Қ. Тәжібаев пен Г.С. Сұлтанғалиеваның еңбектері жинағында Ақтөбенің уездік қала статусына ие болғандығы және облыстың орталығына айналғандығы жөнінде тарихы жазылған. Ақтөбе аймағы көп ұлыс пен ұлтты біріктіріп отырған өңір болғандықтан, авторлардың еңбектерінен қанша ұлт өкілдері қоныс аударғанын және қала құрылысы жылдан жылға кеңейіп өсіп келе жатқанын да байқауға болады. Дегенмен, Ақтөбе қаласының тарихында ашылмаған тұстары мен қырлары да жетерлік.

Түйін сөздер: Ақтөбе қаласы, уезд, бекініс, мешіт, мектеп, Орынбор­Ташкент теміржолы.

Автордың биографиясы

R. A. Beknazarov, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

т.ғ.д.,доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Beknazarov, R. A., & Nurlankyzy, G. (2021). АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫНА ТАРИХНАМАЛЫҚ ШОЛУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 101(2), 150–159. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.16

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая