ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ САЯСИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.13Аннотация
Мақалада қазіргі әлемде азаматтық қоғам қалыптастыру жолында жастардың саяси мәдениеті мен санасының өзгерістерге ұшырау себептері қарастырылды. Трансформацияның бірнеше факторлары ішінде мақала авторлары заманауи цифрлы технологияның қоғамдық саяси өмірге белсенді ендірілуін ерекше атап көрсетеді. Сонымен қатар мақалада қазақстандық жастардың саяси санасының өзгеріске ұшырауына цифрлы технологиялардың артып келе жатқан тікелей ықпалы ғылыми негізде талданады. Авторлардың пікірі бойынша цифрлы технологиялар бүгінгі күні жастардың саяси көзқарастары мен ұстанымдарын қалыптастыруда және жаңаша саяси әлеуметтену үрдісінде негізгі құралға айналып отыр.
Аталмыш гипотезаны дәлелдеу мақсатында виртуалды кеңістіктің жастардың саяси белсенділігінің артуына ықпалы нақты статистикалық көрсеткіштерге жүгіне отырып зерттелді. Заманауи цифрлы технологиялардың жастар үшін пайдасымен қатар тигізетін қауіпқатерлеріне әлемдік цифрлы көшбасшы елдер тәжірибесі негізінде болжам жасалынады. Мақаланы ашуда және цифровизациядан туындайтын проблемаларды айқындауда салыстырмалы талдау, тарихи және әлеуметтанулық әдістер қолданылды. Бұл бізге қазіргі уақытта және болашақта мәселеге басқаша қырынан қарауға мүмкіндік береді, сондайақ, оның маңызын арттыра түседі және болашақта одан әрі терең зерттеуге шақырады.
Түйін сөздер: саяси мәдениет, қазақстандық жастар, заманауи цифрлы технологиялар, ғаламтор, цифрлы мәдениет, цифровизация.