Қызылқұм (Өзбекстан) қазақтарының шаруашылығы арқылы этникалық бірегейлігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.09Аннотация
Өзбекстан Республикасында тұратын қазақтардың этникалық бірегейлігін әртүрлі қырынан талдауға болады. Соның ішінде қазақтардың тығыз орналасқан аймақтарда салтдәстүр, әдетғұрып, тіл, тарихи жады мен шежірені ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруы этномәдени бірегейлікті анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Этникалық бірегейліктің бір маркері Өзбекстан қазақтарының дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібінің бір қырын көрсетуге болады. Осы тұрғыда Қызылқұм қазақтарының дәстүрлі мал шаруашылығы жергілікті қазақтардың этникалық бірегейлігін анықтайтын негізгі фактор ретінде саналады. Себебі, тарихи деректер мен арнайы әдебиеттерде Қызылқұм қазақтарының интенсивті мал шаруашылығымен айналысқаны және осы шаруашылықтың негізінде қоныстану жүйесі мен өмірлік дағдылары қалыптасқаны анық. Бұл Өзбекстан мемлекетінде тұрып жатқан қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі осы шаруашылыққа байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан, Қызылқұм аймағында тұратын қазақтардың этникалық бірегейлігін шаруашылық арқылы қарастыру Өзбекстанда тұратын қазақтардың дәстүрлі мәдениетке тиесілі тұтастығын анықтауға мүмкіндік береді. Себебі Қызылқұм қазақтарының осы уақытқа дейінгі ұстанып келген шаруашылық үлгісі дәстүрлі қазақ шаруашылығынан алыстаған жоқ. Керісінше, сол ортада оқшаулану жағдайында сақталып, көне формалардың негізінде дамыды. Бұл этностың бірегейлігі мен тұтастығын анықтауда оның өндіруші қабілетінің маңыздылыққа ие болатынын көрсетеді.
Түйін сөздер: Өзбекстан, Қызылқұм, қазақтар, мәдениет, этникалық бірегейлік, мал
шаруашылығы.