Қазақстанның Республикалық Архивтеріндегі жеке тектік қорларды қалыптастырудың кейбір мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.05
        77 60

Аннотация

Еліміздің көрнекті тарихи тұлғаларының, мәдениеттің, тілдің, қaзaқтың дәстүрі мен әдет-ғұрпының жaңaрып, жaндaнуынa көп күш-жігер жұмсaғaн қоғам, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, батырлардың өмірі мен қызметі барысындағы жиналған құжаттардың жиынтығы жеке тектік қор құжаттары деп аталады. Қaзaқ елінің бүгінгі тәуелсіздігі кезеңінде халықаралық қауымдастыққа ене отырып, кең түрде дaмуы дүние жүзіндегі қaзaқ ұлтының зиялы өкілдерін хaлықaрaлық деңгейдегі қоғaмдық-сaяси бaйлaныстaр әлеміне aлып келді. Олардың хaлыққa сіңірген еңбегі, мемлекеттің көркейіп-гүлденуіне косқaн үлесі туралы архив құжaттaры қымбaт қaзынa, ұлттық идеологиямыз үшін сaрқылмaйтын бaйлық. Оның құндылығын сaрaлaп, келер ұрпaққa жеткізу аса маңызды міндеттің бірі. Мақалада Қазақстанның Республикалық архивтерінде (Орталық мемлекеттік архив, Президент архиві, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві) жеке тектік қорларды қалыптастыру барысының қазіргі жағдайы мен жеке тектік құжаттармен толықтыру дереккөздерінің тізімі салыстырмалы түрде талданады. Қалыптастырылған жеке тектік қорларды санаттарға бөлу мәселелеріне анализ жасалады. Қабылданған жеке тектік құжаттардың құндылықтарын сараптау критерийлері баяндалады. Тізімдемедегі жеке тектік құжаттардың жанры мен түріне байланысты топтастыру жүйесі сипатталады. Республикалық архивтерді жеке тектік құжаттармен толықтыру, олардың құндылықтарын айқындау, категорияларға бөлу, ғылыми-анықтамалық аппарат құралдарын жетілдіру туралы ұсыныстар беріледі. Түйін сөздер: архив, жеке тектік құжаттар, жеке тектік қорлар, қалыптастыру, тізімдеме.

Автордың биографиясы

T. A. Tulebaev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д., профессор

Жүктелулер

Как цитировать

Tulebaev, T. A., & Maksymkanova, A. K. (2021). Қазақстанның Республикалық Архивтеріндегі жеке тектік қорларды қалыптастырудың кейбір мәселелері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 101(2), 43–54. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая