«Ақ аш» – алтайлықтардың дәстүрлі мәдениетіндегі ақ тағам
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.02Аннотация
Зерттеу барысында сүт тағам ретінде ғана емес, алтайлықтардың дәстүрлі құндылықтарының бірі – әл-ауқат, құнарлылық пен байлықты бейнелейтін «ақ аш» – ақ тағам ретінде қарастырылады. Сүт және сүт өнімдері әлемнің дәстүрлі бейнесін түсінудің қайнар көзі, өнімнің қасиеттері мен сипаттамалары туралы мәдени тұрғыдан шартталған идеялар ретінде қарастыруға талпыныс жасалды, олардың табиғи қасиеттерімен қатар функционалды мағыналары мәдениет үшін маңызды. «Ақ» – ақ түстің семантикасына назар аударылады. Алтайлықтардың мәдениетінде бұл түс ерекше орын алады, ол қасиетті болып саналады. Мақалада архаикалық түсініктерді бейнелеу үшін фольклорлық мәтіндер қолданылады. Автордың ұсынылған заманауи далалық материалдары көзқарастардың тұрақтылығы мен қазіргі алтай қоғамында «ақ аш» – ақ тағамның ерекше орнын сақтайтындығын айғақтайды. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде сүт тағамдарын дайындаудағы дәстүрлі тәжірибе туралы ақпарат қамтылған, бұл ақпарат ұлттық тағамға деген қызығушылыққа байланысты қазіргі кезде өзекті болып табылады. Зерттеудің екінші бөлімінде сүт және сүт тағамдары діни наным-сенім тұрғысынан, оның ғұрыптық тәжірибеде алатын орны тұрғысынан зерттеледі. Түйін сөздер: сүт, сүт өнімдері, қасиеттілік, алтайлықтар.