Қазақ-түрік мәдени байланыстарындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы

Авторлар

  • Турсун Хазретали
  • Амантай Исин
  • Вахдет Таракчы
        52 88

Аннотация

Мақаланың басты мақсаты ХХ ғасыр тоғысындағы қазақ-түрік мәдени байланыстарының қалыптасуын Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми өмірбаяны мен шығармашылығы арқылы талдауға арналған. Осы мақсатқа сай мақалада Шәкәрімнің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына қазақ және түркі зиялыларының жасаған ықпалын деректік негізде талдау; оның «Түрік, қырғыз-қазақ һәм ханлар шежіресі» тарихи шығармасын жазуда Стамбул қаласы кітапханаларында танысқан османлы тарихшыларының тізімін нақтылау мақсаттары қойылды. Зерттеу нәтижесінде Шәкәрімге Исмаил Гаспралының идеялық ықпалы, қазақ баспасөзінің қалыптасуындағы рөлі анықталып, оның пайдаланған османлы тарихшыларының еңбектері нақтыланды, сонымен бірге қазақ даласына османлы кітаптарының таралу жолдары мен тәсілдері анықталды. Осындай нәтижелер арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ- түрік мәдени байланыстарын жаңа деңгейге көтерген тұлға деген ғылыми тұжырым жасалды. Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдарды қазақ-түрік мәдени байланыстары тарихын зерттеу мен гуманитарлық пәндерді оқытуда қолдануға болады. 

Жүктелулер

Как цитировать

Хазретали, Т., Исин, А., & Таракчы, В. (2017). Қазақ-түрік мәдени байланыстарындағы Шәкәрім Құдайбердіұлы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 85(2), 56–65. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/112

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества