Отчеты военных губернаторов Ферганской области как источник по истории социально- экономического положения населения южного Кыргызстана в конце XIX – начале XX века

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.015
        59 82

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі бұл мәселенің жеткіліксіз зерттелмеуімен байланысты. Бұл жұмыстың мақсаты – Ферғана облысы әскери губернаторларының жыл сайынғы есептерін» XIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы Оңтүстік Қырғызстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының тарихы туралы дерек көзі ретінде зерттеу. Мақаланың мазмұны тарихилық пен объективтілік қағидаттарын қолдануға негізделген. Зерттеу Ферғана облысының әскери губернаторлары генерал-лейтенант А.П. Чайковский мен генерал-майор Г.А. Арендаренконың 1899, 1900, 1902 және 1903 жылдардағы есептері сияқты құнды тарихи дереккөзді толық ашуға мүмкіндік берді. Есептер Ферғана облысының көшпенді және отырықшы қырғыз халқының кәсібіне неғұрлым нақты сипаттама беруге, сондай-ақ қырғыз шаруашылығына тауар-ақша қатынастарының енуі туралы айтуға мүмкіндік берді; мақта шаруашылығының, экстенсивті астық шаруашылығының дамуын, қырғыз халқының егіншілік және мал шаруашылығының дамуын, жібек және ара шаруашылықтарымен айналысуын, жергілікті халық пен қоныс аударушылардың өзара қарымқатынасын сипаттайды; үкіметтің аймақты отарлауға қатысты саясатын көрсетеді. «Есептердің ...» кемшілік жақтарына қолөнердің, өнеркәсіптің, сауданың дамуы туралы мәліметтердің жоқтығы жатады, яғни олар Ферғана облысының XIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық көрінісін ашпайды. Түйін сөздер: Ферғана облысы, әскери губернаторлардың есептері, қырғыздар, мал шаруашылығы, егіншілік, мақта шаруашылығы, салық жүйесі, Әндіжан көтерілісі, орыс-жергілікті мектептер

Автордың биографиясы

F. N. Miimanbayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Miimanbayeva, F. N. (2021). Отчеты военных губернаторов Ферганской области как источник по истории социально- экономического положения населения южного Кыргызстана в конце XIX – начале XX века. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 131–139. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.015

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая