Этникалық бірегейліктің далалық зерттелуі: теория, тәжірибе, рефлексия

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.013
        98 69

Аннотация

Мақала этнографиялық далалық зерттеулердегі этникалық бірегейлікті зерттеу мәселелеріне арналған. Бұл құбылысты зерттеу бүгінгі таңда ғылыми ізденістің өзекті бағыттарының бірі болып табылады және сонымен бірге, ең алдымен, зерттеу әдістемесі мен әдіснамасымен байланысты бірқатар қиындықтарға ие. Әдіснамалық қиындықтар этникалық бірегейлікті зерттеудегі теориялық көзқарастар мен ұғымдардың алуан түрлілігіне байланысты. Сондықтан далалық экспедициялық зерттеулер этнографтар үшін зерттелетін объектілердің этникалық белгілері мен ерекшеліктері туралы ақпарат алудың маңызды құралы болып қала береді. Сонымен бірге, этникалық бірегейлік зерттеу объектісі болған жағдайда, далалық этнография әдістерін таңдау және оларды практикада қолдану белгілі бір қиындықтар туғызады.

Автор ғылыми әдебиеттер мен шетелдік авторлардың әдістерін, сондай-ақ өз тәжірибесін талдау негізінде этнографтың этникалық бірегейлікті далалық зерттеу барысында кездесетін мәселелерін айқындайды. Этникалық бірегейлікті зерттеудегі қиындықтар бірқатар әдіснамалық және әдістемелік мәселелермен байланысты екендігі анықталды, олардың негізгі факторлары: этнографиялық зерттеулердің субъективтілігі, зерттеуші-информатордың қарым-қатынасы табиғатының күрделілігі, зерттеу «өрісіне» қол жеткізу мүмкіндігі және әлеуетті ақпарат берушілерді іздеу. Осыған байланысты зерттелетін қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникацияларды құру және жеке зерттеу стратегияларын әзірлеу – ол этникалық бірегейлікті зерттеуге арналған далалық ізденіс жұмыстардың табысты жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.

Түйін сөздер: далалық зерттеулер, этникалық бірегейлік, этнографиялық зерттеулер, далалық этнография әдістері, ақпарат берушілер, зерттеу стратегиялары.

Автордың биографиясы

N. Baigabatova, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

 т.ғ.к., доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Baigabatova, N. (2021). Этникалық бірегейліктің далалық зерттелуі: теория, тәжірибе, рефлексия. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 112–119. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.013

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая