Ауғанстан: әйгілі дала командирі Ахмад Шах Масуд кім?

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.08
        300 100

Аннотация

1973 жылы Ауғанстанда М. Дауд бастаған республикалық құрылыстың орнауынан бастап Ахмад шах Масуд есімінің ел аузында таралуы мақалада сипатталады. Ауғанстан тарихында жас оппозиционердің М. Дауд режиміне қарсы күреске бел шеше кіріскені көрсетіледі. Оның жас болса да арнайы жасақтар құрып, Ауғанстанның мемлекеттік билігіне қарсы қарулы күрес жүргізгені айтылады. 1970 жылдардың ортасында оның елден қуылып, Пәкістан территориясын паналағаны, осы кезде басқа елдердегі бүліктерге қатысып, дайындықтан өткендігі айқындалады. 1978 жылы сәуір төңкерісінен кейін елге қайта оралып, жаңа өкіметке қарсы қарулы жасақ құрып, күннен-күнге дарынды дала командиріне айнала бастағаны жан-жақты талданады. 1979 жылы кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргеннен бастап, оның есімі бүкіл Ауғанстанға жайылғаны көрсетіледі. Кеңес әскеріне қарсы күрескен ең айбарлы қарсылас болғандығы сарапталады. Оның кеңес әскерлерімен қанды соғыстағы батырлығы, көзқарасы және жеке басына тән қолбасшылық қасиеттері сомдалады. 1980 жылдардан бастап Ахмад шах моджахедтердің көшбасшысы болса, 1990 жылдардың басында оның Ауғанстанның Қорғаныс министрі лауазымына дейін жеткендігі қарастырылады. 2001 жылы оның қастандықтан қаза табуы, елінің ұлттық батырына айналуы айтылады.

Түйін сөздер: Ауғанстан, Ахмад шах Масуд, қолбасшы, соғыс, әскер, әскери операция, дала командирі, жасақ, оппозиция, моджахед.

Автордың биографиясы

B. S. Sailan, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д., доцент 

Жүктелулер

Как цитировать

Sailan, B. S. (2021). Ауғанстан: әйгілі дала командирі Ахмад Шах Масуд кім?. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 68–76. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.08

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая