Қазақстан Республикасының ислам ынтымақтастығы ұйымымен гендерлік теңдік мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасының тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.07
        98 57

Аннотация

Мақалада Қазақстан мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тарихи талдау жасалады. Ислам ынтымақтастығы ұйымы мұсылман елдерін біріктіреді және оның қазіргі әлемдегі беделі мен ықпалын арттыруға бағытталған. Бүгінде Ислам әлемі қауымдастығына кіретін мемлекеттер экономикалық және мәдени-өркениеттік өлшемде Батыс қоғамдастығы құрамындағы мемлекеттердің көрсеткіштерінен артта қалатынын біледі. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының барлық мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына қарамастан, көптеген мәселелер бойынша олардың ішкі саясаты сынға ұшырайды. Атап айтқанда, бұл адам құқықтарына, гендерлік теңдікке және әйелдерді кемсітушілікке қатысты мәселелер бойынша десек болады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады, онда ондаған конфессиялар бейбіт қатар өмір сүреді және әйелдер ерлермен тең құқықтарды пайдаланады. Сондықтан, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше бола отырып, біздің еліміз адам құқықтары мен гендерлік аспектілерге көп көңіл бөле бастады. Белгілі бір мағынада, Қазақстан Республикасының күш- жігерінің арқасында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің гендерлік дамуында оң өзгерістер басталды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының беделі мен ықпалын 2011 жылы төраға лауазымына сайлаған ұйымның қатысушылары лайықты бағалады.

Түйін сөздер: БҰҰ, Мыңжылдық Декларациясы, Ислам Конференциясы ұйымы, Адам құқықтары, гендерлік теңдік.

Авторлардың биографисы

B. R. Naimanbayev, Silkway Халықаралық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

т.ғ.д.,профессор

G. Zh. Orynbasarova, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ.

т.ғ.к.,доцент

Жүктелулер

Как цитировать

Naimanbayev, B. R., & Orynbasarova, G. Z. (2021). Қазақстан Республикасының ислам ынтымақтастығы ұйымымен гендерлік теңдік мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасының тарихы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 100(1), 58–67. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.07

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая