Сталинизм дәуірінің әйел нарративтері: Қазақстандағы әйел-белсенділерінің естеліктері
Аннотация
Бұл мақалада әйел-белсенділерінің тарапынан шыққан, Қазақстандағы сталиндік дәуірінің нарративтерінің деректанулық аспектілері қарастырылады. Мақаланың әдіснамалық тәсілдері АҚШ ревизионистерінің жас буын өкілдері мектебінің кеңестік субъективтілік нұсқауларының негізінде анықталды. Әйел-белсенділерінің қоғам арасында большевиктердің идеяларын тарату, әйелдерді социалистік қоғамға тарту жолында айтарлықтай рөлі болғандықтан, олардың субъективтілігін зерттеу, едәуір қызығушылық тудыратын мәселе болып табылады. Бұндай зерттеулер жүргізу үшін, қол астында тиісті мәтіндер болу қажет. Мақалада сонымен қатар, деректер мәліметтерінің кеңсе тілі мен партиялық есеп рухына қарамастан, эвристикалық құндылыққа ие екені баяндалады. Бұл әйелдер қаламымен жазылған, Қазақстандағы ерте кеңестік дәуірдің нарративтер санының шектеулі болуымен айқындалады. Екінші жағынан, егер постмодернистік әдіске сәйкес басты назарды мәтіндердің метафорикалық және экзистенциалды деңгейіне бөліп және әйелді белгілі бір тұлға ретінде қарастырмай, мәтін аясында әрекет жасайтын, автобиографиялық шығарманың кейіпкері ретінде алсақ, бұл әйелдердің жаңа ойын ережесімен қалай танысып, өздерін басқа кейіпке өзгертуі мен өзгелерге түрленуге қалай көмек бергендерін көруге болады.