Ауғанстанның Аманулла хан Гази дәуіріндегі жетістіктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.01Аннотация
Ауғанстан тарихында Шах Аманулла хан Газидің билігі кезеңінде, ол өзінің өте батыл және ойластырылған әрекетінің арқасында Ауғанстанның Ұлыбритания мемлекетінен тәуелсіздігін алуға қол жеткізді. Яғни, 1919 жылы Ауғанстан шекарасында Британдық агрессияның күшеюі, мұсылман халықтарының құрбандықтың жемісі болуы және толық масштабты соғыстан кейін жас патшаның ерекше сақтығының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізілді. Шах Аманулла хан Гази, тәуелсіздік алғаннан кейін алға қойылған мақсатына жету үшін өзінің бар күшін пайдаланып, елге ерекше жетістіктер алып келді. Әділетсіздік пен қанаушылықтан зардап шеккен мұсылмандар өз елінің жас патшасынан зор үміт күтті. Оның есімі әрбір халықтың санасында болды. Ұлттық бірліктің негіздерін құру, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, шииттер мен индустар сияқты діни және этникалық аз ұлттардың бостандығы, халықтың қадірқасиетіне сәйкес заманауи заңдар дайындау, елдің халықаралық аренадағы беделін көтеру және елшіліктер деңгейінде әлемдік державалармен қарым-қатынас орнату қолға алынды. Билік кезіндегі жас патшаның маңызды жетістіктерінің бірі, әсіресе әйелдер үшін осы уақытқа дейін бұрын-соңды болмаған білім беру реформалары мен заманауи мектептердің құрылуы болып табылады. Түйін сөздер: Ауғанстан, Аманулла хан, тәуелсіздік, жетістік.