Жапония мен Таяу Шығыс аймағы мемлекеттерінің қарым-қатынастары
Аннотация
Жапонияның сыртқы саясатында басқа мемлекеттің сыртқы саясатындағы сияқты жаңа ұлттық мүдделер, әлемдегі күштердің арасалмағының өзгеруі мен халықаралық қатынастардағы жағдайы көрініс тауып отыр. Әсіресе, қазіргі уақыттағы араб мемлекеттерінің мұнайға қатысты баға саясатының тұрақсыздығы жапон үкіметі тарабынан жауапты әрекеттерді талап етуде. Қалыптасқан халықаралық жағдайға бейімделіп жапон үкіметі өзінің ынтымақтастық бағыттарын анықтауда. Осындай Жапонияның сыртқы саясатындағы аса маңызды бағыттардың біріне Таяу Шығыс елдерімен байланыстар айналды. Жапония бұл аумақтан шамамен 90% мұнайды тасымалдап отыр. Таяу Шығыс мемлекеттерімен ынтымақтастықты Жапония одан әрі дамытуға мүдделі, сондықтан аймақтың тұрақтылығына елеулі көлемдегі қаржыны бөлуде. Осы тұрғыда ұсынылған мақалада қазіргі уақыттағы Жапония мен Таяу Шығыс мемлекеттері арасындағы екі жақты деңгейдегі қарым-қатынастардың дамуын зерттеуге талпыныс жасалынған.