Еуразия даласында тараған екі дөңгелекті арбалар кешені (археологиялық материалдар негізінде)

Авторы

  • Терекбаева Ж.М. Терекбаева Ж.М.
        1024 79

Аннотация

Мақалада Еуразия даласында мекендеген көне тайпалардың тұрмысы мен шаруашылығында етене енген арбалардың құрылымы, олардың қарқынды дамуы, қайнар көзі мен тарихы жөніндегі мәселелер қарастырылады. Арба – біздің түсінігімізше атқа, өгізге, есекке жегілген екі дөңгелекті көлік, сонымен қатар иесінің әлеуметтік мәртебесін анықтауда, соғыс барысында, аңшылықта, спорттық іс-шараларда, ғұрыптық салт-жоралғыларда пайдаланады. Ежелгі үндіевропалықтардың мифологиялық түсініктерінде екі дөңгелекті арбаның ағаш күпшегі күнмен байланыстырылады. Көбінесе көне халықтардың дүниетанымында екі дөңгелекті арбалар о дүниемен байланыстырылып қарастырылады. Атқа жегілген арба сол заманның ұшқыр көлігі және мәңгілік айналу циклдарын көрсететін күнмен байланысы бар. Сонымен қатар арбалардың қоғамдағы қызметі әскери және ғұрыптық салт-жоралғылар сипатында ғана ие болды

Загрузки

Опубликован

2020-04-10

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая