XVIII-XIX ҒҒ. ЕСКІ КАРТАЛАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ

Авторы

  • Т. Садықов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Д. Жұмекенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-194
        88 172

Аннотация

Мақала Қазақстанның жер-су атаулары тарихының дереккөзі саналатын XVIII-XIX ғасырлардың картографиялық материалдарын зерделеуге арналған.
Деректерге жүргізілген теориялық талдаулар XVIII-XIX ғасырлардағы карталармен картографиялық құжаттар негізінде қарастырылады.
Мақаланың мақсаты Дала өлкесінің тарихына қатысты Қазақстанның жер-су атауларын зерттеу үшін XVIII-ХІХ ғасырлардағы картографиялық құжаттар, әскери топографиялық карталар, революцияға дейінгі ғалымдардың еңбектері мен жазбаларын, құнды ақпарат көзі болып табылатын сан алуан деректерді талдау.
Зерттеу жұмысының басты міндеті ретінде авторлармен дереккөздерге кешенді талдау жүргізу негізінде XVIII-ХІХ ғасырлардағы картографиялық құжаттарға объективті баға берілді.
Авторлар топографиялық ақпараттардың негізі – картографиялық материалдар болып табылатындығына көз жеткізді. Ескі карталарды қолдану Қазақстанның өткенінен мәлімет беретін тарихи топонимика туралы толық ақпарат жинауға мүмкіндік берді.

Загрузки

Как цитировать

Садықов, Т., & Жұмекенова, Д. (2018). XVIII-XIX ҒҒ. ЕСКІ КАРТАЛАР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ. Вестник КазНУ. Серия историческая, 88(1), 171–177. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-194

Выпуск

Раздел

Вестник КазНУ: Серия историческая