Культура Казахстана в советский период в американской историографии второй половины XX — начала XXI вв.

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.09
        131 297

Аннотация

Бұл мақалада ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы, жергілікті халықтың тарихы, шаруашылық, мәдениет, дәстүрлер, діни нанымдар туралы әңгімелейтін американдық ғалымдарының еңбегіне талдау келтірілген. Біз тарихнаманы тарихи білімнің жинақталу тарихын, тарихи ойдың дамуы мен зерттеу әдістемесін, ғалымдардың тарихи еңбектері мен өмірбаянының құрылу тарихын, ғылыми мекемелердің тарихын, тарихи білім беруді ұйымдастыру мен тарихи білімнің таралуын зерттейтін арнайы тарихи пән ретінде қарастырамыз. Мақаланы жазудың негізгі мақсаты зерттеушілерді ғылыми ортамен, қазіргі оқырмандар қауымдастығымен таныстыру болды. Мақалада ХХ ғасырдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі қазақтардың мәдениеті, дәстүрлері, діни сенімдері туралы жазған еуропалық, американдық зерттеушілерінің шығармаларына ғылыми талдау жүргізілді. Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдіснамасы бойынша негізінен тарихизм, объективтілік, тарихи салыстырмалы талдау және тарихи жүйелілік әдістері пайдаланылды. Соғыстан кейінгі жылдары Англо-американдық кеңесология әлемдік тарихнамада лайықты орын алу құқығын дәлелдеді, тек батыс елдерінде ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде де сұранысқа ие болды. Талдаудың ең дәлдігі мен тереңдігі Хостлер Ч., Зеньковский С.А. , Эллсуорт Э., Тиллет Л., Рывкин М., Виннер Т., Симмонс-Симонолевич К., Вучинич В. С., Олкотт М. Б., Маклиш Д., Диккенс М., Бэкон Э. Э., Фиерман В., Тасар Е., Роуланд М., Роллберг П. жұмыстарында ерекшеленді. Мақаланы жазу басында осы кеңестік, соның ішінде Қазақстан тарихын зерттеушілердің кітаптары мен мақалалары негізге алынды.

Загрузки

Как цитировать

Zhumanova, A. Z., Zhumashev, R. M., Meirambekov A. К., & Utegenov М. Z. (2023). Культура Казахстана в советский период в американской историографии второй половины XX — начала XXI вв. Вестник КазНУ. Серия историческая, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.09

Выпуск

Раздел

Раздел 2 Всемирная история