Проблемы исследования казахской юрты и ее место в знаковой системе культуры

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.013
        148 477

Аннотация

Қазақ киіз үйі - ежелгі заманнан бері қолданылып келе жатқан дәстүрлі тұрғын үй, Ұлы дала тұрғындарына тән жылжымалы баспананың түрі. Баспананың бұл түрінің бірегейлігі, киізден және иілгіш талдан жасалған ерекше әсем сәулеті бүгінде әрбір қазақ үшін Отанның, халықтың ежелгі мәдениетінің символына айналып отыр.

Мақаланың басты мақсаты - қазақ мәдениетінің белгілік жүйесіндегі киіз үйдің рөлі мен орнын, киіз үйдің бөлшектерімен бөліктерінің және дәстүрлі баспанаға қатысты әдет-ғұрыптардың семантикалық мағынасын саралау.

Мақалада киіз үйдің бөлшектері қазақ мәдениетінің этнобелгілік жүйесін зерттеудің этнографиялық дереккөзі ретінде қарастырылады. Мақала киіз үйдің жалпы сипаттамасы ғана емес, сонымен бірге оған қатысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды да талдауға арналған. Мақалада символ (белгі) киіз үйдің ерекше мағынасын сипаттайтын дерек ретінде қарастырылады. Мәлімететтерді талдау нәтижесінде күрделі семантикалық мағынасы, өзіндік архитектуралық шешімі бар киізүй түркі-моңғол тайпаларының мәдени даму деңгейін, олардың күрделі идеологиясын көрсетеді деген қорытынды жасауға болады. Осылайша, киіз үйдің символикасы қазақтың дәстүрлі дүниетанымдық көзқарасымен бірге астасып жатыр деп айтуға болады.

Түйін сөздер: этнос, ұлт, этнография, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрғынүй.

Загрузки

Как цитировать

Egyzbaeva М. К. (2023). Проблемы исследования казахской юрты и ее место в знаковой системе культуры. Вестник КазНУ. Серия историческая, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.013

Выпуск

Раздел

Раздел 3 Aрхеология и этнология