По следам первого ученого-фарабиеведа Акжана аль-Машани и кажы Кажыбайа Мандибайулы

Акжан аль-Машани

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.012
        66 159

Аннотация

Мақалада Қазақстан мен Орта Азияға ортағасыр мұсылман ренесансының көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби тақырыбында тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың XX ғасырдың 60-жылдарының басында қажылыққа барып, дін мен ғылым жолын тең ұстаған Қажыбай Мәндібайұлымен бір-біріне жазған хаттары, имам-ғалым Қажыбай Мәндібайұлының өнегелі өмірі мен фарабитану ғылымы бойынша жарық көрген «Жоғары болған табиғат ғылымының негіздері жайында» атты қолжазбасының көшірмесінде көтерілген мәселелер қарастырылады.

XX ғасырдың 50-жылдарында тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машанидың фарабитану ғылымы бойынша алғашқы ғылыми ізденіс жұмыстары жарық көре бастады. Тұңғыш фарабитанушы-ғалым Ақжан әл-Машани «Әл-Фараби және Абай» (1994) атты ғылыми еңбегі мен 1994 жылы «Зерде» ғылыми-көпшілік журналының №2 cанында жарық көрген «Әл-Фарабидың нұрнамасы» атты мақала-зерттеуінде атап өткендей, Сәдуақас қажы Ғылмани арқылы араб тілін білетін Ғаббас Елеусізов, Рахым Сәрсенұлы, Қажыбай Мәндібайұлы атты имам-молдалармен кездесіп, олардың көмегімен Әбу Насыр әл-Фараби есімі мен мұрасын зерттеуге күш салды.

Аталмыш мақала өлкетанушы, қадым жазуын, шағатай тілін меңгерген Қасенов Айдаржан Балтабайұлының қорынан алынған тың деректік-құжаттардан және ізденушінің ғылыми сапарының нәтижесінде көрініс тапқан фото-құжаттан тұрады.

Загрузки

Как цитировать

Imangaliyev А. Т., & Dukenbaeva, Z. O. (2022). По следам первого ученого-фарабиеведа Акжана аль-Машани и кажы Кажыбайа Мандибайулы: Акжан аль-Машани. Вестник КазНУ. Серия историческая, 107(4), 100–108. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.012

Выпуск

Раздел

Раздел 2 Всемирная история