ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТАРИХИ ҚАЙНАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне айырықша мән берілетіні айтылады. Және қазақ халқының жетелі ұрпақ тәрбиелеу барысында салт-дәстүрдің айтарлықтай маңызға ие екендігі айтылып, халқымыз ежелден бері ұрпақтарды ержүрек батыр болуға, семьяға қатаң жауапкершілікте болуға тәрбиелейді. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ғақылия сөздер арқылы саналы ұрпақтың өсіп жетілуіне айырықша мән берген. Жалпы алғанда ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесі қазақ халқы мәдениетінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Қазақ ұлтының ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөлі, салт-дәстүрімізді ата-бабамыздың көзіндей көріп қастерлеу, оны дамыту біздің және келесі ұрпақтың борышы және міндеті екендігі айтылады.