Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанның саяси өміріне ықпалы

Authors

  • K. Abikenova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-229
        220 182

Abstract

Қазан төңкерісі – ХХ ғасырдағы үлкен саяси оқиғаның бірі. Осы төңкерісте жеңіске жеткен большевиктер Кеңес одағын құрды. Осылайша әлемдік тарихта тұңғыш рет жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылым орнату талпынысы жасалған болатын. Қазан төңкерісінің орын алуына бірнеше факторлар себеп болған еді. Оның алғашқыларының бірі әлемнің бірнеше мемлекетімен болған Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы. Ол қоғамның барлық саласынан да көрініс беріп отырды. Атап айтар болсақ шаруашылық жағдай құлдырап азық-түлік дағдарысы үлкен мәселеге айналды, мемлекеттік қорлар таусылудың алдында тұрды, жұмыссыздық белең алды, әлеуметтік мәселелер – жұмыс уақыты, жалақы мәселесі, ауыз су мен баспанамен қамтамасыз етілу және т.б. өз шешімін таппады. Аталмыш мақалада автор қоғамдағы орын алған әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыстардың нәтижесінде Қазан төңкерісінің орнап, оның Қазақстанның саяси өміріндегі өзгерістеріне әсерін көрсетуге баса көңіл бөледі.

Downloads

How to Cite

Abikenova, K. (2018). Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанның саяси өміріне ықпалы. Journal of History, 89(2), 139–143. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-229

Issue

Section

Journal KazNU: History