Көне Орталық Азия және тарихшы И.В. Пьянковтың ғылыми мұрасы

Authors

  • R. Hautala Оулу Университеті, Финляндия
  • Д. Байгунаков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • G. Sabdenova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-225
        51 43

Abstract

Мақала Орталық Азияның ежелгі тарихын зерттеумен шұғылданған ғалымдар қатарына жататын тарихшы И.В. Пьянковтың ғылыми мұрасын кешенді түрде зерделеуге арналған. Оның ғылыми зерттеулерінің негізгі саласы антикалық (грек, латын) замандағы авторлардың Орталық Азия елдері мен халықтары жайлы мағлұматтары болып табылады. Ғалым еңбектерінде антикалық деректемелердің ерекшеліктерін бөліп көрсеткен және сипаттап берген, мәліметтерді талдап, түрлі мәселелерді айқындаған болатын. Антикалық дереккөздерін талдау және де басқа мәліметтерді (археология, этнология, география, т.б.) ғылыми айналымға тарту барысында ғалым Орталық Азия әлем өркениетінің құрамдас бөлігі екендігін нақтылаған. Сол себепті де бұл мақала мақсаты тарихшының көптеген еңбектерінде көрініс тапқан ғалымның концептуалды көзқарастарын талдау болып табылады. И.В. Пьянковтың әрбір іргелі еңбегі көне Орталық Азия тарихын зерттеуге қосқан қомақты үлес саналады және өз уақытында антикалық тарихи дәстүрді зерделеуді дамытуға серпін берді. Ғалымның көптеген еңбектері көне Қазақстанның да өзекті сауалдарын тарихи және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуде маңызы зор. Осыған байланысты И.В. Пьянковтың кейбір көзқарастарын жүйелеу қажеттілігі туындап отыр. Мақала сонымен қатар антикалық деректемелерді зерделеудің кейбір қырларын да қорытындылайды.

Downloads

How to Cite

Hautala, R., Байгунаков, Д., & Sabdenova, G. (2018). Көне Орталық Азия және тарихшы И.В. Пьянковтың ғылыми мұрасы. Journal of History, 89(2), 96–100. https://doi.org/10.26577/JH-2018-2-225

Issue

Section

Journal KazNU: History